​Жұмысқа қабылдау басталды: LRT жүйесіне қызметкерлер іріктеліп жатыр

0
104

Толық біліктілік талаптары cts.gov.kz сайтында жарияланған.


​Жұмысқа қабылдау басталды: LRT жүйесіне қызметкерлер іріктеліп жатыр

Фото: CTS

ERNUR.KZ. «City Transportation Systems» ЖШС Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жұмыс істеу үшін қызметкерлерді қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады inform.kz.

Компания мына лауазымдарға үміткерлер іздейді:

Станциялардың ауысым басшылары;
Станция кезекшілері;
Жылжымалы құрам орталығының қозғалыс диспетчерлері;
Жылжымалы құрам орталығының орталықтандыру бекетінің диспетчерлері;
LRT жабдықтары мен инфрақұрылымын басқару орталығының диспетчерлері;
Дабыл техниктері;
Байланыс техниктері;
Электр монтерлері;
Жол жөндеу учаскесінің шеберлері;
Жабдықтарды жөндеу слесарьлары;
Қойма меңгерушілері.
- LRT жүйесінде жұмыс істейтін болашақ мамандарды оқыту жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Теориялық және практикалық дайындық Қазақстанда және Қытай Халық Республикасында өтеді. Курстың ұзақтығы мамандыққа байланысты - 4-6 ай. Бағдарлама аяқталған соң қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификат табысталып, барлығы LRT бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылады, - делінген ақпаратта.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
– көлік, машина жасау, электр техникасы немесе тиісті салалар бойынша жоғары немесе орта-арнаулы білім;
– кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
Толық біліктілік талаптары cts.gov.kz сайтында жарияланған. Түйіндемелер осы сайт арқылы қабылданады.