Сәния Садықова бір жылда 88 млн теңгеден астам қосымша табыс тапқан.
фото: Sputnik / Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әйелінің 2024 жылғы қосымша табысы туралы жария есеп берді, деп жазады sputnik.kz.
Министрліктің ресми сайтында жарияланған ақпаратта Сәния Садықованың 88 678 984 теңге көлемінде қосымша табыс тапқаны көрсетілген. Мұнда ресми жалақы есепке алынбаған.
Жұманғариннің әйелі кірісті бағалы қағаздар нарығына инвестиция салу арқылы алған.


