Жерде 20 жылда алғаш рет ең күшті магнит дауылы соғады

0
304

9 мамырда АҚШ-тың Ұлттық мұхиттық және атмосфералық әкімшілігі (NOAA) жоғары деңгейдегі геомагнит дауылы (G4) болатынын ескертті.


Жерде 20 жылда алғаш рет ең күшті магнит дауылы соғады

ERNUR.KZ. Ғалымдар Жерде 20 жылда алғаш рет жоғары деңгейдегі магнит дауылы соғатынын айтып, дабыл қақты. Дауыл 11 мамырға қараған түні болады деп болжанып отыр, деп жазады stan.kz.

9 мамырда АҚШ-тың Ұлттық мұхиттық және атмосфералық әкімшілігі (NOAA) жоғары деңгейдегі геомагнит дауылы (G4) болатынын ескертті. Бұл – 2005 жылдың қаңтарынан Жердің соңғы жарты ғасырдағы ең жоғары сәулелену дозасын алған алғашқы ескертуі. Дауыл 8 мамырда басталған бірқатар қуатты күн алауларынан кейін пайда болды. Сол себептен ғалымдар күн плазмасының біздің планетамызға қарай бірнеше үлкен шығарындыларын тіркеді.

"Кейінгі 20 жылда алғаш рет Жер бетінде бесінші деңгейдегі дауыл болуы мүмкін. Үш күнде күн біздің планетамызға қарай төрт үлкен плазма бұлттарын шығарды. Олардың бір бөлігі 11 мамырға қараған түні Жердің магнит өрісіне соғады", – деді ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы зертханасының жетекшісі Сергей Богачев.

NOAA ғарыштық ауа райын болжау орталығының (SWPC) синоптиктері қатты геомагниттік дауылдың 10 мамыр күні кешке басталатынын жеткізді.

Ғалымдардың пікірінше, мұндай күшті магнит дауылы GPS сияқты электронды құрылғыларды және электр желілерінің түйіндерін бұзуы мүмкін. Сонымен қатар олар жердің әртүрлі бөліктерінде солтүстік шұғыланың пайда болуы мүмкін екенін атап өтті. Сарапшылар сонымен қатар бұл сирек кездесетін және ерекше құбылыстың интернет желісін бұзуы мүмкін екенін жеткізді.

Кейінгі екі күнде Күн сәулесінде ең жоғары x деңгейінде алты алау болды. Ал жарқыл белсенділігінің деңгейі қазір он балдық шкала бойынша шамамен 9.8-ға тең. Жердегі геомагнит дауылдары аптаның соңына дейін созылуы мүмкін.