Жаркентте нөсерден кейін өзен суы көтеріліп, екі жасөспірім қауіпке тап болды

0
94

Абырой болғанда, ешкімге медициналық көмек қажет болмаған.


Жаркентте нөсерден кейін өзен суы көтеріліп, екі жасөспірім қауіпке тап болды

Сурет: pexels

ERNUR.KZ. Жетісу облысының Жаркент қаласында тұрғындар мен Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) қызметкері екі жасөспірімді құтқарып қалды. Құтқару операциясының видеосын ТЖД баспасөз қызметі жариялады, деп жазады zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Жаркентте нөсер жауыннан кейін Өсек өзеніндегі су деңгейі күрт көтерілген.

"Соның салдарынан екі жасөспірім көпір астында жағалаудан оқшауланып қалып, өздігінен шыға алмай қалған", – делінген 2026 жылғы 10 шілдеде жарияланған ТЖД хабарламасында.

Өзеннің арнасынан өз бетімен шығуға еш мүмкіндігі болмаған жасөспірімдерге Панфилов ауданы өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Қайырбек Әділ, сондай-ақ Жаркент тұрғындары Азимбек Шолақов, Танатар Сатыбалды және Александр Водопьянов жедел көмекке келген.

Олардың үйлесімді әрі батыл әрекеттерінің арқасында жасөспірімдер қауіпсіз жерге шығарылды.


Абырой болғанда, ешкімге медициналық көмек қажет болмаған.