Жамбыл облысында мұздық көлдерге әуеден бақылау жүргізілді

0
128

Су деңгейі қалыпты, сел қаупі тұрақты бақылауда.


Жамбыл облысында мұздық көлдерге әуеден бақылау жүргізілді

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі телеграм

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында сел қаупінің алдын алу мақсатында Талас жотасының солтүстік беткейінде, Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекараға жақын орналасқан мұздық көлдерге әуеден мониторинг жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz.

Әуе бақылауына Жамбыл облысының әкімі, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, табиғат қорғау прокуроры және "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасының өкілдері қатысты.

Мониторинг нәтижесінде мұздық көлдердегі су деңгейі мен су көлемі қалыпты шектерде екені анықталды. Мамандардың мәліметінше, қазіргі таңда сел қаупін тудыратын өзгерістер тіркелмеген.

Жауапты мекемелер өңірдегі сел қаупін бақылауда ұстап, мұздық көлдерге тұрақты мониторинг жүргізуді жалғастырып келеді.