Жамбыл облысында ер адам көшеде тыр жалаңаш жүрген (видео)

0
99

Қоғамдық тәртіпті әдейі бұзған ер адамның жеке басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді.


Жамбыл облысында ер адам көшеде тыр жалаңаш жүрген (видео)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Қордай ауылында ер адам көшеде жалаңаш жүрген. Оқиға 11 ақпан күні күндіз ауылдың орталығында болған. Куәгерлер түсірген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарап кетті, деп жазады stan.kz.

Қоғамдық тәртіпті әдейі бұзған ер адамның жеке басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді.

“Құқық бұзушыға қатысты “Қоғамдық орында мас күйде жүру” және “Ұсақ бұзақылық” баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оның әрекеті қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытты. Материалдар сотқа жолданды”, – делінген хабарламада.

Полиция департаменті мұндай әрекеттердің заңға қайшы екенін атап өтті.

“Қоғамдық орын – білгенін істейтін жер емес. Мінез-құлық нормаларын әдейі елемеген әрбір адам жауапкершілікке тартылады”, – деп ескертті ведомство.