Жағдайы ауыр: Жамбыл облысында әйелді пойыз басып кетті

0
115

Қайғылы жағдай 20 шілдеде болған.


Жағдайы ауыр: Жамбыл облысында әйелді пойыз басып кетті

фото: Photo

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Шу қаласында 46 жастағы әйел пойыз астына түсті, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы жағдай 20 шілдеде болған. Теміржолды кесіп өтпек болған әйел пойыздың астына түсіп кетті. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр, дейді дәрігерлер.
"Саналы түрде ол командаларды әлсіз орындайды. Хаттама бойынша ем жасалып жатыр. Диагнозы: жұлыны толық зақымданған, 5-ші кеуде омыртқасының компрессиялық сынуы. Екі жақ бірнеше қабырғасы сынған. Оң жақтағы гематоракс. Травматикалық шок алған", - дейді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
"Теміржол көлігінің қозғалысы мен пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша полиция бөлімі Шу станциясында көлікте қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - дейді полицияда.