Үржардағы жол апаты: зардап шеккен екі бала ауруханадан шығады

0
128

Екі бала Абай облысынан Астана қаласындағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілген.


Үржардағы жол апаты: зардап шеккен екі бала ауруханадан шығады

Фото: ДСМ

ERNUR.KZ. Үржардағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен екі бала ауруханадан шығады, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Екі бала Абай облысынан Астана қаласындағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілген.

- Екі балаға да ота сәтті жасалды. Қазіргі жағдайлары жақсы, жақын күндері ауруханадан шығарылады, делінген жауапта.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

19 тамызда таңертең Үржар ауданының Бестерек ауылында жантүршігерлік жол апаты болды. Полиция дерегінше, Toyota маркалы автокөлікті тізгіндеген 55 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдың небәрі он метрдей жерінде тұрған балаларды қағып кеткен. Соның салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болды.

20 тамызда екі бала Астанаға жеткізілген болатын. Ал 21 тамызда зардап шеккен екі бала палатаға ауыстырылды.