Үржардағы жол апаты: күдіктінің жүргізуші куәлігін қалай алғаны тексеріліп жатыр

0
97

Жүргізуші қамауға алынды.


Үржардағы жол апаты: күдіктінің жүргізуші куәлігін қалай алғаны тексеріліп жатыр

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Абай облысында балаларды қағып кеткен жүргізушіге қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

Министр күдіктіге қатысты желіде таралған ақпарат іс аясында қаралатынын айтты.

"Қылмыстық іс шеңберінде бәрін нақты тексереміз. Жүргізуші куәлігі 2006 жылдары алынған болса, оның мерзімі болады ғой. Куәлікті берген кісіні анықтаймыз. Құжатты қайтадан алу кезінде медициналық карта және тағы да басқаны тапсырады. Соның бәрін анықтаймыз", – деді Ержан Сәденов Мәжіліс кулуарында.

Айта кету керек, бұған дейін Үржарда 55 жастағы жүргізуші ойнап жүрген 6 баланы қағып, 3 бала қаза тапқанын жазған едік. Оқиға 19 тамыз күні болған.