"Үнді" штаммын жұқтырған алматылық үйіне шықты

0
391

Ол бір апта бойы қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасында ем-дом қабылдады.


ERNUR.KZ. Алматыда алғашқылардың бірі болып 38 жастағы әйел коронавирустың дельта штамын жұқтырды, деп хабарлайды Хабар24.

Әйел адам қауіпті инфекцияны базарға барған кезде жұқтыруы мүмкін. Үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ол қажетті заттарын алу үшін құрылыс дүкеніне барған. ПТР тестінің нәтижесі бойынша ковид жұқтырғаны расталды. Артынша әйелдің 8 жасар баласынан да үнді штамының белгілері табылған. Олар бір апта бойы қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасында ем-дом қабылдады.


– Қазіргі уақытта ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық. Олар тәуір болған соң ауруханадан шығарылды. Қазір үйде дәрігерлердің бақылауында, - дейді қалалық Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.