​Ұлттық банк қазақстандық үш банкпен бірлесіп банкаралық QR-төлемдер сервисін іске қосты

0
130

Сервис клиенттерге кез келген банктің пайдасына банкаралық QR-төлемдерді қабылдауға және жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып, банктердің төлем қызметтерін кеңейтеді.


​Ұлттық банк қазақстандық үш банкпен бірлесіп банкаралық QR-төлемдер сервисін іске қосты

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Ұлттық банк банктердің мобильді қосымшалары арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу үшін «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ базасында банкаралық QR-төлемдер сервисі іске қосылғанын хабарлады, деп жазады inform.kz.
Сервис клиенттерге кез келген банктің пайдасына банкаралық QR-төлемдерді қабылдауға және жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып, банктердің төлем қызметтерін кеңейтеді.
Бүгіннен бастап банкаралық QR-төлемдер сервисі «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Home Credit Bank» АҚ және «Freedom Bank» АҚ клиенттеріне қолжетімді. Операция жасау үшін сатып алушы клиент банктің мобильді қосымшасына кіріп, сатушының (сервиске қатысушы банктердің бірінде қызмет көрсетілетін) терминалында QR-кодты сканерлеп, төлемді растауы қажет.
Банкаралық QR-төлемдерді іске қосу банктер арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттырады, ыңғайлы етеді және тұтынушы үшін төлем қызметтерінің қолжетімділігін кеңейтеді.
Ұлттық банк қаржы нарығының қалған қатысушыларын кезең-кезеңімен қосу бойынша жұмысты жалғастырады. Жаңа қызмет басқа банктердің мобильді қосымшаларында олар ішкі процестерін бейімдеген кезде пайда болады.
Банкаралық QR-төлемдер сервисі төлем инфрақұрылымын дамыту бағыттарының бірі саналады және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ базасында Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын (ҰЦҚИ) дамыту аясында іске асырылады.
ҰЦҚИ-ды дамыту бәсекелестікті кеңейтуге, тұтынушылар үшін банкаралық төлем сервистерінің қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыруға бағытталған.