Ұлттық банк басшысы доллармен ақша ұстайтындар қалай ұтылғанын айтты

0
125

Қазіргі кезде долларлық депозиттердің көлемі ел тарихында ең төмен деңгейге - 19 процентке дейін түсті.


Ұлттық банк басшысы доллармен ақша ұстайтындар қалай ұтылғанын айтты

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллармен ақша ұстайтындар қалай ұтылғанын айтты, деп жазады sputnik.kz.
Банк басшысының айтуынша, бүгінде қарапайым азаматтар ақшаны депозитте теңгемен сақтайды. Ал доллармен сақтайтындар-ауқатты адамдар.
"Әрине, олар өз жинақтарын теңгемен де ұстайды. Бірақ диверсификацияға сүйеніп, доллармен де сақтауға шешім қабылдаған. Біреулер кезінде долларды 550 теңге сатып алған. Қазір олар қатты минусқа кетіп қалды. Сосын долларлық депозитпен 1 проценттік табыс түседі. Ал теңгемен 25-30 процентке дейін пайда көруге болады", - деді Сүлейменов Астанада өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде долларлық депозиттердің көлемі ел тарихында ең төмен деңгейге - 19 процентке дейін түсті.
"3-4 жыл бұрын 30-35 процент, 5-6 жыл бұрын 60 процент болған. Демек, теңгеге деген сенім жыл сайын артып келеді", - деді банк басшысы.
Айта кетері, теңгемен ашылған депозиттердің жалпы көлемі 30 трлн теңге болса, доллармер ашылғандар 5,9 трлн теңгені құрайды.