Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық бойынша бекітілген жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
Фото: Қорғаныс министрлігі
ERNUR.KZ. 24 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ресей Федерациясының аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Өзара іс-қимыл — 2026», «Іздеу-2026» және «Эшелон-2026» оқу-жаттығуларын өткізуі жоспарланған, деп жазады inform.kz.
Оқу-жаттығулар барысында далалық сабақтар өткізіліп, оның аясында шеру дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау пысықталады.
Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық бойынша бекітілген жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
«Өзара іс-қимыл — 2026», «Іздеу-2026» және «Эшелон-2026» оқу-жаттығулары тұрақты негізде Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында кезекпен өтеді.
— Азаматтардан, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды және ресми дереккөздерде жарияланған мәліметтерге ғана назарға алуды сұраймыз.
Жалған ақпаратты тарату және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз, — делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.


