Келтірілген залал алдын ала болжам бойынша бірнеше жүз мың еуроны құрайды.
фото: Sputnik / Кирилл Каллиников
ERNUR.KZ. Алматы облысында Германия аумағында киберқылмыс жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Операцияны ҰҚК Германияның Федералды қылмыстық полициясымен бірге жүргізді.
"Күдікті банк шоттары мен жеке деректерге компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, заңсыз қол жеткізген", - дейді ведомство.
Келтірілген залал алдын ала болжам бойынша бірнеше жүз мың еуроны құрайды.
Тінту нәтижесінде техникалық деректер сақтау құрылғылары мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.


