Үкімет отставкаға кетті

0
98

Тиісті жарлық Президенттің ресми сайтында жарияланды:


Үкімет отставкаға кетті

фото:nur.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Тиісті жарлық Президенттің ресми сайтында жарияланды:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтті. Оның құрамына бес саяси партиядан 145 депутат кірді.