Туристер мінген автобус апаты: жүргізуші қамауға алынды

0
347

Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшыраған болатын.


Туристер мінген автобус апаты: жүргізуші қамауға алынды

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы асулардың бірінде туристер мінген автобустың аударылып кетуіне жол берген жүргізуші қамауға алынды, деп жазады inform.kz.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 27 мамыр күні Yutong автобусының жүргізушісі Кеген-Жаланаш-Көлсай автожолының бесінші шақырымында келе жатып, рульді басқара алмай, автобустың аударылуына жол берді. 25 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.

«Жүргізуші куәлігінен айырылған көлік құралын басқарғаны үшін автобус жүргізушісі қамауға алынды. Сонымен бірге, автобусты айдауға берген жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның иесіне ірі мөлшерде айыппұл салынады»,- деп хабарлады полициядан.

Бұған дейін Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырағаны туралы жазған едік.