Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, делінген Ақорда хабарламасында.
Сонымен қатар, Президент Жарлығымен Шалданбай Талғат Рахымқұлұлы Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Талғат Шалданбай бұған дейін Сауд Арабиясының Жидда қаласында Қазақстанның бас консулы болған. Әр жылдары Қазақстанның дипломатиялық корпусында жауапты қызметтер атқарған.