Таксимен қатынайтындар саны да артқан.
Фото: Freepik
ERNUR.KZ. Қаңтар - шілде аралығында қазақстандықтар 85,9 миллион рет такси қызметін пайдаланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе жоғары, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Energyprom-ның жазуынша, ең көп такси қызметін Алматы тұрғындары пайдаланған. Олар 16,2 миллион рет таксимен жүрген, бұл елдегі жалпы көрсеткіштің шамамен 19%-на тең. Келесі кезекте Астана (13 млн), Алматы облысы (6,3 млн), Маңғыстау облысы (5,7 млн) және Шымкент (5 млн) тұр. Ал ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында -727 мың жолаушы тіркелген.
Такси бағасы бойынша Қазақстан әлемде 93-орында тұр. Орташа тариф 1 шақырымға 0,74 АҚШ доллары тұрады. Мәселен, Қырғызстанда – 0,23 доллар, Өзбекстанда – 0,28 доллар, Ресей мен Арменияда – 0,4 доллар шамасында.
Сарапшыларының пікірінше, Қазақстандағы такси бағасы ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткішке ие.
Бір жыл ішінде орташа тариф 11%-ға өскен, ал айлық динамикада 0,3%-дық шамалы төмендеу байқалған. Түркістан облысында баға 30%-ға артқан, ал Астана мен Алматы облысында ресми тариф өзгермеген.