Тексерістен өткен жазғы лагерлер тізімі жарияланды

0
91

Қазір еліміздің барлық өңірінде орналасқан 172 маусымдық балаларды сауықтыру орындары санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алып, балаларды қабылдап жатыр.


Тексерістен өткен жазғы лагерлер тізімі жарияланды

ERNUR.KZ. Жазғы мектеп демалысы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет балаларды сауықтыру ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Қазір еліміздің барлық өңірінде орналасқан 172 маусымдық балаларды сауықтыру орындары санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алып, балаларды қабылдап жатыр.

«Жұмысын бастар алдында әрбір лагерь талаптарға сәйкестік туралы бақылаудан өтті. Осы кезеңде ауызсуды, бассейн, жағажайлардың қауіпсіздігін, топырақтың сапасына зерттеулер жүргізіледі. Қорытынды алмаған орындардың қызметіне жол берілмейді. Ал қорытынды алған лагерлер тізімі Комитеттің сайтында ашық орналастырылды. Ата-аналар осы ақпаратты пайдалануы қажет», – деді спикер.