Жігіттердің біреуі айыппұл да төлей алмайтынын, қоғамдық жұмысқа тартылғысы да келмейтінін айтып, жеңілдік сұраған.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Тараз қаласының әкімшілік соты «Жеңіс» саясабығының ортасындағы су қоймасына шомылған екі жігіттің ісін қарап, оларға жаза тағайындады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оларлың кінәсін полиция хаттама және бейнебақылау камералары арқылы дәлілдеген. Соттың мәліметіне сүйенсек, екі жігіт те кінәсін толық мойындаған.
«Біреу соттан айыппұл тағайындауды сұраса, екіншісі айыппұл төлеуге мүмкіндігі жоқ екенін, қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келмейтінін, сондықтан, әкімшілік қамауға жіберуін өтінген», - деп хабарлайды сот.
Сот екі жігіт қоғамдық тәртіпті, басқалардың тыныштығын бұзды және басқа саябаққа келушілерді құрметтемеді деген қорытындыға келіп, біреуіне 86 мың теңге айыппұл, екіншісіне 5 тәулік әкімшілік қамау жазасын кескен.


