Қазіргі таңда істі арнайы прокурорлар өндіріске алды.
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
ERNUR.KZ. Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданында ер адамды өлтіру және кішкентай қызды ұрлау ісіне байланысты полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.
«6 қыркүйекте Алматы облысының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 370-бабының 4-бөлігі (Лауазымды тұлғаның әрекетсіздігі) бойынша қылмыстық іс тіркеді. Іс Талғар аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің күдіктіні дер кезінде ұстау бойынша шара қолданбауымен байланысты. Ол кейіннен ер адамды өлтіріп, кәмелетке толмаған қызды ұрлап кеткен», – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі таңда істі арнайы прокурорлар өндіріске алды. Алматы облыстық прокуратурасы тергеу барысы ерекше бақылауда екенін атап өтті.
Сонымен бірге, ведомство қоғамды тек ресми дереккөзге сенуге шақырып, жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауапкершілікке тартылатынын ескертті.