Петропавл қаласында 21 жастағы жас аниматор суицид жасады.
ERNUR.KZ. Бастапқы ақпарат бойынша, оқиға жас жігіт пен қыз арасындағы жанжалдан кейін болған. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады және оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр, деп жазады baq.kz.
Жас жігіт өз үйінде қару алып, аузына атып, өміріне қол салған. Сол сәтте үйде оның анасы болған.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.
18 ақпанда Петропавл қаласында 21 жастағы жас жігіттің денесі табылды. Бастапқы ақпарат бойынша, жас жігіт суицид жасаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда, – делінген СҚО Полиция департаментінің хабарламасында.
Жас аниматор қаладағы сауда орталығының бірінде кинотеатрда жұмыс істеген.


