Солтүстік Қазақстанда адам сүйектері табылды

0
230

Қазіргі кезде қаңқалары кімге тиесілі екенін анықтау үшін сараптама жасалып жатыр.


Солтүстік Қазақстанда адам сүйектері табылды

фото: СҚО полиция департаменті

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл елді мекенінде адам сүйектері табылды, деп жазады sputnik.kz.
Құмды карьерді қазған экскаватор адам сүйектерін алып шыққан. Оқиға 8 қыркүйекте болған.
Солтүстік Қазақстанда адам сүйектері табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2026

"8 қыркүйекте экскаватор операторы екі бас сүйек пен басқа да сүйек қалдықтарын тапты. Қылмыстық сипаттағы белгілер анықталған жоқ. Қазіргі кезде қаңқалары кімге тиесілі екенін анықтау үшін сараптама жасалып жатыр ", - дейді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.