СҚО мен Көкшетауда оқушылар аязға байланысты қашықтан оқуға көшірілді

0
85

Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендеді.


СҚО мен Көкшетауда оқушылар аязға байланысты қашықтан оқуға көшірілді

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

ERNUR.KZ. Ауа райының күрт суытуына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн форматқа ауыстырылды, деп жазады inform.kz.
2026 жылғы 26 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендеді. Осыған байланысты бірінші ауысымдағы 0–11 (12) сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Көкшетау қаласында және Ақмола облысының бірқатар аудандарында бірінші ауысымдағы 1–4 сынып оқушылары онлайн оқуға жіберілді.
Бұған дейін қатты аязға байланысты Астана қаласы мен өңірлердегі кейбір оқушылар да қашықтан оқытуға ауыстырылған болатын.