СҚО-да Есіл өзеніне жеңіл автокөлік батып кетті

0
91

Қызылжар ауданында жеңіл автокөлік жағадан Есіл өзеніне сырғып кеткен.


СҚО-да Есіл өзеніне жеңіл автокөлік батып кетті

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Оқиға орнына көлік иесіне көмек көрсету үшін ТЖМ құтқарушылары жедел жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Автокөлікті алып шығу жұмыстарына сүңгуір-құтқарушы жұмылдырылды. Ол суға түсіп, автокөлікті қосымша арқанмен бекітті. Осыдан кейін құтқарушылар авариялық-құтқару автомобилінің көмегімен көлікті сәтті шығарды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.