"Шахтёр" футбол клубын жеке меншік компания сатып алды

0
102

Осылайша "Шахтёр" футбол клубының дамуы мен трансформациясының жаңа кезеңі басталды.


ERNUR.KZ. Қарағандының "Шахтёр" футбол клубын Freedom Holding Corp. тобына кіретін, қазақстандық кәсіпкер Тимур Турловқа тиесілі компания сатып алды, деп жазады sputnik.kz.

Сауда бүгінгі аукционда өтті және жекешелендіру рәсімі заң талаптарына толық сәйкес жүргізіліп жатыр, дейді ведомстводағылар.

Осылайша "Шахтёр" футбол клубының дамуы мен трансформациясының жаңа кезеңі басталды.
"Қарағанды облысының әкімдігі мен танымал кәсіпкер Тимур Турлов өңірде жаңа футбол экожүйесін құру жұмыстарын бастады. Бұл мақсатқа жалпы 18,5 млрд теңге бөлінген: оның 12 млрд теңгесі жаңа футбол академиясын салуға, ал 6,5 млрд теңгесі балалар-жасөспірімдер мен бұқаралық футболды дамытуға бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
Қарағанды облысының футбол қауымдастығы президенті Тимур Турловтың қолдауымен бірқатар ірі жоба, соның ішінде, заманауи "Шахтёр" футбол академиясының құрылысы қолға алынған.

Футбол академиясы шамамен 10 гектар жерді алады. Жоба аясында стадионнан бөлек жыл бойы дайындық жасауға арналған жабық манеж, толық өлшемді жаттығу алаңы, екі қабатты әкімшілік-бөлме кешені, медициналық орталық, бассейн, сауна, асхана және тәрбиеленушілерге арналған жатақхана қарастырылған. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 2027 жылы аяқталуы жоспарланып отыр.