Семейде Toyota Land Cruiser мінген жүргізуші зейнеткер әжейді қағып кетті

0
92

​Ол алған жарақатынан сол жерде тіл тартпай кетті.


Семейде Toyota Land Cruiser мінген жүргізуші зейнеткер әжейді қағып кетті

Фото: Абай облысы ПД

ERNUR.KZ. Семейде Toyota Land Cruiser жолаушылар өткелінен өтіп бара жатқан кейуананы қағып кетті. Ол алған жарақатынан сол жерде тіл тартпай кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 8 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында болған. Жүргізуші Қ. Мұхамедханов көшесімен келе жатып, Абай көшесіне солға бұрылған кезде 69 жастағы әйелді қағып кеткен.

Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды.

«Жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған көлік құралын басқарған тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде жылдамдықты төмендетіп, маневр жасау барысында ерекше сақ болуға шақырады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігіне шығар алдында, тіпті бағдаршамның рұқсат беретін сигналы жанған кезде де, қозғалыстың қауіпсіз екеніне көз жеткізу ұсынылады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.