ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жазғы кезеңде балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған «Саламатты жаз-2025» профилактикалық науқанын іске асыруды жалғастыруда.
ERNUR.KZ. Бағдарлама еліміздің барлық өңірлерін қамтиды және бірқатар іс-шараларды, соның ішінде негізгі кезеңде олардан өтпеген балаларды қосымша медициналық қарап-тексеруден өткізуді, сондай-ақ ашық есік күндерін өткізуді және медициналық ұйымдарда «Денсаулығыңызды тексеріңіз» акциясын қамтиды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Тамыз айының басында 183 588 бала қарап-тексеріліп, 12 766-да алғаш рет түрлі аурулар анықталды. Анықталған жағдайлар одан әрі бақылау және емдеу үшін алынады.
Науқан шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Ол емханаларда, мектеп жанындағы және жазғы лагерлерде, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде өткізіледі.
Науқан басталғаннан бері балалар мен ата-аналардың қатысуымен 23 936 дәріс пен әңгіме өткізілді. Қамтылған қатысушылардың жалпы саны 150 мың адамнан асты.
Іс-шаралар барысында инфекциялық аурулардың алдын алу, қауіпсіздік және психоэмоционалдық денсаулық негіздері мәселелері бойынша жадынамалар таратылады, бейнероликтер мен инфографика көрсетіледі.
Науқан маусым айында басталып, жаздың соңына дейін жалғасатынын естеріңізге сала кетейік. Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды жазғы демалысты қызықты ғана емес, сонымен қатар балалардың денсаулығына пайдалы ету үшін пррфилактикалық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады.