Рудныйда жағдайы күрт нашарлаған Түркия азаматына полицейлер көмек көрсетті

0
182

​Полицейлер тыныс алуы қиындаған шетел азаматын ауруханаға жеткізді.


Рудныйда жағдайы күрт нашарлаған Түркия азаматына полицейлер көмек көрсетті

Фото: Polisia.kz

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Рудный қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жол бойында өзін жайсыз сезінген Түркия азаматына көмек көрсетіп, жедел түрде ауруханаға жеткізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға Топорков көшесіндегі автотұрақта болған. Рудный арқылы Ресейге транзитпен жүк көлігімен өтіп бара жатқан Түркияның екі азаматы демалу үшін көліктерін тоқтатқан.

Аумақты патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Нұрсұлтан Мұхамеджанов пен Дамир Қойшыбаев олардың жанынан өтіп бара жатып, ер адамдарды байқаған. Қызметтік көлікті көрген шетел азаматтары полицейлерге қол бұлғап, көмек сұраған.

Полиция қызметкерлері тоқтап, мән-жайды анықтаған кезде жүк көлігі жүргізушілерінің бірінің жағдайы күрт нашарлағаны белгілі болды. Ер адам тыныс алуы қиындағанын айтып, өзін ауруханаға жеткізуді сұраған.

«Полиция қызметкерлері ер адамды дереу Рудный қаласының қабылдау бөліміне жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды. Медицина қызметкерлері шетел азаматына қажетті медициналық көмек көрсетті. Жағдайы қалыпқа келгеннен кейін Түркия азаматтары полиция қызметкерлеріне жедел көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді», – делінген ІІМ хабарламасында.