Президент Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді

0
158

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.


Президент Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шучинск қаласының экосаябағы таныстырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таяуда жаңғыртылған қоғамдық кеңістікте тұрғындардың серуендеп, спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.

Президент жергілікті жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Ұлттық домбыра күніне әзірленіп жатқан өнерпаздар бірнеше күй орындап берді.