Президент білім жүйесін дамытуға арналған заманауи тәсілдермен танысты

0
74

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұғалімнің сабаққа әзірленуіне көмектесетін WONK педагогтің АІ-ассистенті таныстырылды.


Президент білім жүйесін дамытуға арналған заманауи тәсілдермен танысты

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім болашағы» көрмесін аралап көрді. Республикалық тамыз конференциясы аясындағы іс-шара саланы дамытудың заманауи тәсілдеріне арналған.

Президентке «Талдау орталығының» жұмысы және жасанды интеллектіні пайдаланатын талдау құралдары көрсетілді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұғалімнің сабаққа әзірленуіне көмектесетін WONK педагогтің АІ-ассистенті таныстырылды.

Содан кейін Мемлекет басшысына Qalam AI, Beyim.AI, TopIQ және E-OQULYQ цифрлық шешімдері қолданылатын 3-сыныптағы математика сабағының үзіндісі көрсетілді.

Бұдан бөлек, Президент заманауи балалар басылымдарымен, соның ішінде әлем әдебиетінің қазақ тіліндегі аудармасымен, сондай-ақ, ғылым, инженерия, робот техникасы мен инновация саласындағы оқушылар жетістіктерімен танысты.