Пойыздағы жаппай улану: Алматыдағы балалардың жағдайы белгілі болды

0
65

2025 жылғы 11 желтоқсанда Алматыда пойыздағы түсірілімге қатысқан ондаған массовка қатысушыларының улануы туралы хабар Қазнетті дүр сілкіндірді.


Пойыздағы жаппай улану: Алматыдағы балалардың жағдайы белгілі болды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Бүгін, 12 желтоқсан күні дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы толық ақпарат берді, деп жазады zakon.kz.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының (ҚДСБ) дерегінше, барлығы 52 адам зардап шеккен, олардың арасында балалар да бар.

Тексеру нәтижелері бойынша 11 бала ауруханаға жатқызылған, екеуі жансақтау бөліміне түскен.

"12 желтоқсандағы жағдай бойынша жансақтау бөліміндегі екі науқас профильді бөлімшеге ауыстырылды. Қалған пациенттер тексеруден өтіп, көмек көрсетілгеннен кейін тұрғылықты жерлеріндегі амбулаторлық бақылауға жіберілді", – делінген Zakon.kz тілшісінің ресми сауалына берілген жауапта.

Сонымен қатар, ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында екені атап өтілді.

"Барлығы қажетті көлемде медициналық көмекпен қамтамасыз етілген", – деді мамандар.

Оқиға болғаннан кейін куәгерлердің бірі жағдайдың қалай өрбігенін егжей-тегжейлі айтып берген болатын.