Пойызда жолаушы қайтыс болды: ҚТЖ түсініктеме берді

0
145

Оқиға Атырау – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында болған.


Пойызда жолаушы қайтыс болды: ҚТЖ түсініктеме берді

фото: Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"

ERNUR.KZ. Атырау – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында жолаушы қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 13 шілдеде Атырау – Ақтөбе бағытындағы №691/692 пойызында Қандыағаш – Ақтөбе учаскесінде болған.
"Пойыз бастығының рапортына сәйкес, марқұм болған жолаушы пойызға жол жүру құжатынсыз отырған. Оны вагондардың бірінің жолсерігі мінгізген. Қандыағаш – Ақтөбе учаскесінде жолаушының жағдайы күрт нашарлап, ол көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімнің себебі гипертониялық криз болған", - дейді "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы.
Компанияның мәліметінше, жолаушы отырған вагонда ауа баптау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеген, температуралық режимі қалыпты болған. Бұл вагон 2023 жылы "ЗИКСТО" АҚ өндірісінен шығарылған.

Пойыз Ақтөбе станциясына келгеннен кейін марқұмның мәйіті уәкілетті органдарға тапсырылған.
"13 шілдеде "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның "Батыс" филиалында аталған оқиға бойынша ішкі қызметтік тергеу жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша сол күні вагонның екі жолсерігімен және пойыз бастығымен жасалған еңбек шарттары бұзылды. Ақтөбе телімінің бастығына және өндірістік оқыту жөніндегі нұсқаушыға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды", - дейді Қазақстан темір жолы.
Айтуларынша, "Батыс" филиалының басшылық құрамына қатысты да еңбек шарттарын бұзуға дейінгі қатаң тәртіптік шаралары қабылданатын болады.
Ал көлік полициясы қылмыстық іс қозғады. Тексеріс нәтижесі бойынша алдын-ала диагноз: екі жақты пневмония, дейді көліктегі полиция департаменті.