Петропавлда жеткіншек эскалатордан құлап кетті

0
83

Оқыс оқиға 27 тамызда қаланың сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде болған.


Петропавлда жеткіншек эскалатордан құлап кетті

Photo : Tobias Lindner


ERNUR.KZ. Петропавлда 8 жастағы ойын баласы эскалатордан құлап кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті, деп жазады sputnik.kz.
Оқыс оқиға 27 тамызда қаланың сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде болған.

"Экскалатордан құлаған 8 жастағы баланың жарақат алу фактісі бойынша тексеру жүріп жатыр. Бала ата-анасының қарауынсыз қалған", - дейді ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта сауда үйінің қауіпсіздік жағдайы тексеріліп жатыр.
Кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін тиісінше қамтамасыз етпегені үшін ата-аналарды жауапқа тарту мәселе шешіліп жатыр.