Жасөспірім бел омыртқасы мен өкшесін сындырып, облыстық ауруханаға ауыр халде жеткізілген.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Петропавлда үшінші қабаттан секірген 18 жастағы бозбала бел омыртқасы мен өкшесін сындырып, ауруханаға ауыр халде жеткізілді, деп жазады stan.kz.
Жасөспірім бел омыртқасы мен өкшесін сындырып, облыстық ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Ол бастапқыда жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін травматология бөлімшесіне ауыстырылды.
Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиеваның айтуынша, науқастың жағдайы әлі де тұрақты ауыр.
"Бірақ өздігінен тыныс алады. Нақты болжам жасауға әзірге ерте. Денсаулығы жақсарса, амбулаторлық емге жіберілуі мүмкін", – деді дәрігер.
Оқиғаға байланысты "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары істің мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


