Ақауы бар қуаттағыштың кесірінен көп қабатты үйдегі бір пәтерден өрт шыққан.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Петропавл қаласындағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 42 адам эвакуацияланды. Олардың арасында бес бала бар. Ал өрт шыққан пәтер иесі ауруханаға түсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өрттің себебі – ақауы бар қуаттағыш.
«Қаланың төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері саты арқылы көп қабатты тұрғын үйдегі әртүрлі пәтерден 42 адамды құтқарды. Олардың ішінде 5 бала бар. Өрт шыққан пәтердің иесі – 1961 жылғы азаматты жедел жәрдем ауруханаға алып кетті. Өрттің себебі – телефонның ақауы бар қуаттығышы», - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Кеше, 16 қыркүйек күні шыққан өрттен зардап шеккен басқа азаматтар жоқ.