Петропавлда Назарбаев мектебінің оқушысы терезеден құлап кетті

0
162

Бүгінгі таңда науқастың жағдайы ауыр.


Петропавлда Назарбаев мектебінің оқушысы терезеден құлап кетті

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Петропавлдыға Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушысы үшінші қабаттан құлап кетті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 17 ақпанда жатақханада болған. Оқушы үшінші қабаттан құлап кеткен. Ол көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген.
"18 жастағы жасөспірім жеткізілді. Кеуде, бел омыртқасының, сондай-ақ екі өкше сүйегінің ауыратынын айтып шағымданды. Науқас шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды", - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Оқушының бел омыртқасы III дәрежелі, дене мүшесі II дәрежелі жабық сынған. Екі өкше сүйегі де жабық сынған.
Бүгінгі таңда науқастың жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Петропавл қаласының 18 жастағы тұрғынының терезеден құлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады", - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті.