Петропавлда әйел көңілдесін теледидар пультімен ұрып өлтірді

0
74

Әйел көңілдесін соққыға жыққаннан кейін, танысымен бірге ішімдік ішуді әрі қарай жалғастырған.


Петропавлда әйел көңілдесін теледидар пультімен ұрып өлтірді

ERNUR.KZ. Петропавлда әйел көңілдесін теледидар пультімен ұрып өлтірген. Ақпаратты полиция растады, деп жазады baq.kz.

Алдын ала болжам бойынша, ішімдік ішкен жұптың арасында жанжал шыққан. Ер адам сүйіктісіне қол көтерген соң, әйел оған соққымен жауап қайтарған. Ол қолына теледидар пультін алып, көңілдесінің басынан бірнеше рет ұрған.

Белгілі болғандай, оқиғаға үйде қонақта болған 35 жастағы танысы куә болған. Әйел көңілдесін соққыға жыққаннан кейін, танысымен бірге ішімдік ішуді әрі қарай жалғастырған.

Тек келесі күні ғана олар зардап шеккен ер адамға медициналық көмек қажет екенін түсінген.

Аурухана дәрігерлері екі аптаға жуық оның өмірі үшін күрескенімен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады.

Полиция Петропавл қаласының 52 жастағы тұрғынының өліміне әкеп соққан, денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиға 7 ақпанда жеке үйлердің бірінде болған. Күдікті ретінде 58 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, - деп хабарлады СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.