Петропавлда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды

0
109

Куәгерлердің айтуынша, соққы қатты болған – жеңіл көлік автобус кабинасының астына кіріп кеткен.


Петропавлда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды

ERNUR.KZ. Петропавл қаласында Yutong маршруттық автобусы мен Lada Granta жеңіл автокөлігі соқтығысты. Оқиға Партизанская және Горький көшелерінің қиылысында болған, деп жазады baq.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 30 жастағы Lada жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Ал автобус жолаушыларының бірі медициналық көмекке жүгінгенімен, оның жағдайы ауыр емес.

Полиция екі жүргізушінің де мас күйде болмағанын растады. Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, соққы қатты болған – жеңіл көлік автобус кабинасының астына кіріп кеткен. Апат орнындағы суреттерде Lada көлігінің алдыңғы бөлігі қатты бүлінгені байқалады.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау, сондай-ақ жол мен ауа райы жағдайларын ескеру қажеттігін ескертеді.