Петропавлда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

0
104

Оқиға 17 қыркүйек күні болған.


Петропавлда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

Фото: Рolisia.kz

ERNUR.KZ. Петропавлда жоғары қабаттан құлаған бала аман қалды. Бірақ жағдайы ауыр, қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр, деп жазады inform.kz.

Оқиға 17 қыркүйек күні болған. Бір сәт ересектердің бақылауынсыз қалған бала терезеден абайсызда құлап кеткен.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір осы дерекке қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.
– Баланы жалғыз өзін қараусыз қалдыруға болмайды. Пәтерде қауіпсіз жағдай жасап, терезелерге үйді желдетуге арналған арнайы бекіткіштер орнату қажет, - деп еске салды тәртіп сақшылары.