Бүгін Перизат Қайрат 10 жылға, ал оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. 25 шілдеде Астанада қоғам белсендісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты ұрлық пен алаяқтық ісі бойынша сот процесі аяқталды. Судья Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттан тәркіленетін мүліктің тізімін жария етті, - деп жазады tengrinews.kz.
Тәркіленетін мүлік қатарында – Vela Village коттедж қалашығындағы жеке үй, Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold, Көк Жайлау тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен автотұрақ орындары; сондай-ақ Mercedes-Benz S450 2024 жылғы, Lexus LX 600 2024 жылғы, Mercedes-Benz EQE 500 4 matic 2023 жылғы, Haval H6 GT 2024 жылғы автокөліктері бар.
Сонымен қатар, Перизат Қайраттан "Rebel Flowers" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100 пайыздық үлесі, 97 миллион теңгеден астам қаражат пен 22 мың АҚШ доллары да тәркіленеді.
Айта кетейік, бүгін Перизат Қайрат 10 жылға, ал оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сот залында қамауға алынды.