Павлодарда полицейлер сәбидің өмірін сақтап қалды

0
75

Кейде дөңгелек ауыстыру, көліктегі ақауға көмектесу болса, кейде дер кезінде көрсетілген көмек адам өмірін сақтап қалуға себеп болады.


Павлодарда полицейлер сәбидің өмірін сақтап қалды

ERNUR.KZ. Қызметтік міндеттерін атқару барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, қиын жағдайға тап болған азаматтарға да көмек көрсетеді, деп жазады Zakon.kz.



Кейде дөңгелек ауыстыру, көліктегі ақауға көмектесу болса, кейде дер кезінде көрсетілген көмек адам өмірін сақтап қалуға себеп болады.

Осындай жағдайлардың бірі 27 қыркүйекте болды. Алайда бұл туралы полиция басшылығы тек балақайдың ата-анасы алғыс хатын жазып, қарапайым полицейлерге ризашылығын білдіргенде ғана білді.

005 экипажының құрамында полиция қызметкерлері Арыстанбаб Сағидолла мен Сүйіндік Рахметов өз учаскесінде патрульдеу кезінде оларға қатты уайымдаған жүргізуші келіп, бір жасар ұлына шұғыл көмек қажет екенін айтты. Полицейлер еш кідірместен арнайы дабылқаққышты қосып, ата-ананы баласымен бірге Павлодар қаласындағы ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің уақытылы көмегінің арқасында сәбидің өмірін сақтап қалу мүмкін болды.

Белгілі болғандай, сәби тиын жұтып қойған. Қорқып кеткен ата-ана Павлодарға жолға шыққанымен, уақыт жоғалтпау үшін кезекшілікте тұрған полицейлерге жүгінген.

"Бізді қиын сәтте жалғыз қалдырмай, жол ашып берген полицейлерге алғысымыз шексіз. Олардың жедел әрекетінің арқасында жолға кететін уақыт екі есеге қысқарды. Әр секунд санаулы еді. Балақайымыз дер кезінде көмек алды, қазір оның өміріне де, денсаулығына да ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - деп жазды Ақмарал Серікбаева.