Павлодар облысында 15 қыркүйектен жылу беріле бастайды

0
102

Өңір басшысы жүйені алдын ала толтыру тәжірибесі жалғасатынын атап өтті.


Павлодар облысында 15 қыркүйектен жылу беріле бастайды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Өңірде алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Келесі аптада бюджеттік мекемелер жылу көзіне қосылады, деп жазады inform.kz.

Ауа райын болжаушылар қыркүйек айы жылы болады деп болжап отырғанына қарамастан, 15 қыркүйектен бастап Павлодарда жылу беріледі.
- Жылуды ең әуелі бюджеттік мекемелерге беруді жоспарлап отырмыз. Бұл дегеніміз балабақшалар, мектептер, ауруханалар, емханалар, стационарлар, яғни адамдар тұрақты болатын нысандар, сондай-ақ спорт және мәдениет нысандары. Бюджеттік нысандардың жүйелерін толтырып болған соң жылу тұрғын үйлерге беріле бастайды. Күн жылы уақытта ерте қосуудың қажеті жоқ, себебі бұл жеке тұтынушылардың қалтасына артық салмақ салады, - деп хабарлады Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Өңір басшысы жүйені алдын ала толтыру тәжірибесі жалғасатынын атап өтті. Бұл тәсіл арқылы жылытылған су тұрғын үйлерге алдын ала жеткізіліп, барлық жылу желілерін бір мезетте толтырудың қажеттілігі болмайды.

Бүгінде облыстың үш қаласында 2526 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 2464-і жылу маусымына дайын. Ал 64 үй әзірге дайындық актісін алған жоқ. Қазіргі таңда дайындық актілері жоқ үйлердің қаншасында басқарушы компанияның жоқ екендігін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.