Өзбекстан президенті Қазақстанға келді

0
120

Бүгін Орталық Азия басшылары мен Қытай төрағасы ықпалдастық мәселелерін талқыға салады.


Өзбекстан президенті Қазақстанға келді

Фото: Үкімет

Өзбекстан Президентінің ұшағы елорда әуежайына қонды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шавкат Мирзиёев «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4,1 миллиард долларды құрады.
Айта кетелік бұған дейін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келген еді.
Бүгін Орталық Азия басшылары мен Қытай төрағасы ықпалдастық мәселелерін талқыға салады.