Өскемендегі апат: "Казцинкке" 60,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

0
73

Өскемендегі зауытта болған апаттан кейін қоршаған ортаға ластаушы заттардың рұқсатсыз шығарылғаны анықталды.


Өскемендегі апат:

ERNUR.KZ. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты: екеуі апат болған күні көз жұмса, тағы бір зардап шегуші кейін ауруханада қайтыс болды. Бұдан бөлек, төрт адам түрлі жарақат алды, деп жазады baq.kz.

Өскемендегі зауытта болған апаттан кейін қоршаған ортаға ластаушы заттардың рұқсатсыз шығарылғаны анықталды. Жыл басынан бері компанияға салынған экологиялық айыппұлдардың жалпы сомасы 190 млн теңгеден асты.

Казцинккомпаниясы Өскемендегі мырыш зауытында болған апаттан кейін атмосфераға ластаушы заттарды рұқсатсыз шығарғаны үшін 60,55 млн теңгекөлемінде әкімшілік айыппұл төледі. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Экология департаментіхабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, кәсіпорынның балқыту цехында болған апат пен одан кейінгі жарылыс салдарынан атмосфераға сағатына шамамен 2,8 тонна мырыш шаңытараған. Қазіргі уақытта зауыттың өндірістік қуаты 50 пайыздық жүктемеменжұмыс істеп тұр.

Департаменттің мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындаКазцинккомпаниясы әртүрлі экологиялық заңбұзушылықтар үшін төлеген айыппұлдардың жалпы көлемі 190,6 млн теңгеденасты.