ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, денесін жылытуға көмектесті.
ERNUR.KZ. ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, денесін жылытуға көмектесті, деп жазады baq.kz.
Суда адамға қауіп төнгені туралы хабар 112 пультіне түскен. Өскеменде құтқарушылар суға батып бара жатқан жас жігітті суық судан алып шықты.
Оқиға орнына ТЖ қызметінің мамандары қайықпен жедел жеткен. Құтқарушылар өзеннен 21 жастағы жігітті алып шығып, жағалаудағы құтқару станциясының ғимаратына жеткізген.
ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, денесін жылытуға көмектесті.
Кейін ол әрі қарай тексерілу үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.


