“Өмір үшін күрес“. Дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

0
99

Сәби 40 күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, кейін 24 күн назальды СИПАП-терапияда болған.


“Өмір үшін күрес“. Дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

Фото. Алматы әкімдігі

ERNUR.KZ. Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығында дәрігерлер салмағы 742 грамм болып дүниеге келген сәбидің өмірін сақтап қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Бала 30 тамызда, жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген. Туғаннан кейін оның жағдайы аса ауыр болған.

Сәби 40 күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, кейін 24 күн назальды СИПАП-терапияда болған. Қазір сәбиге 74 күн болды, ол құрылғысыз өздігінен тыныстап жатыр.

"Әрбір грамм салмақ, әрбір тыныс - дәрігерлердің ортақ еңбегі, сәбидің өмірге деген жігерінің нәтижесі. Бұл - біз үшін жай ғана жұмыс емес, күн сайынғы өмір үшін күрес", - деді орталықтың директорының неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Айнұрым Сарбас.