«Өмір бойына сотталады»: Зәкиева Алматыда ВИЧ жұқтырған адамның 13 жасар қызды зорлағанын растады

0
91

Оның айтуынша, тергеу 2025 жылдың желтоқсанында аяқталған.


«Өмір бойына сотталады»: Зәкиева Алматыда ВИЧ жұқтырған адамның 13 жасар қызды зорлағанын растады

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Күні кеше хабарлағынымыздай, Алматыда ВИЧ-инфекциясын жұқтырған ер адам досының 13 жастағы қызын зорлаған. Бұл іс адвокат Ләззат Рақышеваның жазбасынан кейін резонанс алып, құқық қорғау органдары БАҚ өкілдеріне ақпарат бере бастаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бүгін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұл ақпаратты растап, тергеудің аяқталғанын мәлім етті.

«2025 жылдың желтоқсанында тергеу істі сотқа жіберді. Тергеудің қозғаған бабы – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Істі қараған судья бабын өзгерткен, сондықтан, біз прокуратураға хат жолдадық. Мен Ішкі істер министрлігі және адвокат Ләззат Рақышевамен байланыстамын», - деп жазған ол.

Зәкиеваның сөзіне сенсек, қыз бала қазір балаларды қорғау орталығында өмір сүріп жатыр. Оның анасын шақырып, кездесу ұйымдастырдық.

Айта кетейік, қыздың ата-анасы ажырасқан. Анасы дәрігерлердің Жаңа жылдық кешінен кейін алкогольді масаң күйде рульге отырғаны үшін жазасын өтеп жатыр.