Ол жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салды.
Фото: ҚР СІМ
ERNUR.KZ. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ақпарат құралдарының расталмаған, ресми ақпаратты таратуына қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталғаны жөнінде ресми расталмаған ақпарат тарап жатыр. Еске салғым келеді, кез келген ақпаратты тарату алдында оның шынайылығын тексеру міндеті бар. Сондай-ақ кінәсіздік презумпциясы қағидатын және журналистік этиканы сақтау қажет. Көбіне «хайп» қуып, расталмаған мәліметтерді жариялау арқылы журналистер азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян келтіруі мүмкін. Мұндай әрекеттер олардың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп, негізсіз жала жабуға әкелуі мүмкін»,- дейді Балаева.
Министр журналистерді кәсіби БАҚ ұстануға тиіс міндеттерді сақтауға шақырды.
«Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламын», - деп жазды ол.
Еске салсақ, бүгін отандық БАҚ пен телеграм арналарда Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны жайлы ақпарат тараған болатын.