ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 5 қыркүйекте Мұрат Баймұқашевты ҚР Қауіпсіздік кеңесі Аппаратының басшысы етіп тағайындады, деп жазады Zakon.kz.
Тиісті құжатты Ақорда баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында жариялады.
"Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", – делінген құжатта.


